Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер


Қазақстан Республикасы мен Хорватия Республикасы арасындағы

дипломатиялық қарым – қатынастар 1992 жылғы 16 қазанда орнатылды.

1995 жылғы каңтарда Алматы қаласында ХР-дың Елшілігі ашылды. (ҚР-дағы ХР Істері бойынша Уақытша Сенімді өкіл Карино Хромин - Хорват Шаруашылық Палатасының өкілі).

1997 жылы желтоқсанда К.Хроминнің Істер бойынша Уақытша Сенімді өкіл ретінде өкілеттілігі мерзімінің аяқталуына және Хорватиядағы қаржылық проблемаларға байланысты Қазақстандағы ХР Елшілігі жабылды.

2001 жылы Ж. Левай Қазақстан Республикасының Құрметті Консулы болып тағайындалды.

2011 жылы Е.ЫсраиловХорватия Республикасының Құрметті Консулы болып тағайындалды.

2014 ж. қаңтар айынан бастап Ресейдегі Хорватия Республикасының Елшісі И.Показ мырза Қазақстан Республикасынадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарады.

2014 ж. наурыз айында А.Мусин мырза  Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі болып тағайындалды.


Саяси қарым-қатынастар

2001 жылы шілдеде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Хорватия Републикасына алғашқы ресми сапары болды.

2002 және 2006 жылдары ХР Президенті С.Месичтің Қазақстан Республикасына ресми сапарлары болды, оның барысында екі жақты кездесулер және келіссөздер өткізілді.

2006 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Хорватия Республикасына мемлекеттік сапары өтті.

2007 жылы Хорватия Президенті С.Месичтің Астанаға жұмыс сапары өтті, оның барысында ҚР Президентімен, ҚР Парламент Сенаты Төрағасымен, ҚР Премьер-министрімен кездесулер өткізілді.

2010 жылы Хорватия Президенті И.Йосиповичтің ЕҚЫҰ саммитына қатысуының шеңберінде Астанаға келді.

2013 ж. 11-15 қазанда Қазақстанның парламаменттік делегациясы Дубровник қ. НАТО Парламенттік Ассамблеясының 59-шы жыл сайынғы сессиясына қатысты.

2013 ж. 25-26 қарашада А.Перуашев бастаған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының Хорватияға сапары жасалды.

2013 ж. 5 желтоқсанда ҚР Сыртқы істер Министрі Е.Идрисов Хорватия Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Сыртқы істер министрі Весна Пусичпен Киев қаласында өткен СІМ Кеңесі жұмысының барысында кездесті.

2014 ж. 28-29 қазанда Хорватия Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Сыртқы істер министрі Весна Пусичтің Астанаға сапары өтті. ҚР Премьер-министрі және Сыртқы істер министрімен кездесулер өтті.

2015 ж. 26-27 мамырда Хорватия Премьер-министрі Зоран Милановичтің, Қорғаныс министрі Антэ Котромановичтің, Сыртқы және еуропалық істер министрі Йошко Клисовичтің Астанаға сапары өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан мен Хорватия арасындағы 2014 жылда тауар айналымы 250,6 млн. АҚШ долларды құрады.

Екі жақты тауар айналымының 90% Қазақстанның Хорватияғаэнергия - минералдық өнімдердің экспорты  құрайды. Қазақстан Хорватияға химиялық өнімдерін, тоқыма және тоқыма өнімдерін экспорттайды.

Хорватияның Қазақстан Республикасына экспорты мал және өсімдік өнімдерден, азық-түлік өнімдерден, химиялық өнімдерден, аяқ киім және киім өнімдерден, құрылыс материалдардан, металл және металл өнімдерінен, техника мен жабдықтардан турады.

Келісім-шарт негізі

Қазыргі уақытта 13екі жақты келісімдер дайындалуда. Олардың ішінде: Инвестицияны ынталандыру және қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы, және басқа келісімдер.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдау туралыКелісім2006 жылы күшіне келді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалардан босату туралы Келісім2009 жылы күшіне келді.

 

Қазақстан Республикасының Хорватиядағы, Босния мен Герцеговинадағы және Черногориядағы Елшілігі