Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы ақпарат

1992 жылғы 25 қаңтарда - дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1992 жылғы наурызда - Францияның Қазақстанда Елшілігі ашылды.

1993 жылғы шілде - Қазақстанның Францияда Елшілігі ашылды.

2009 жылғы шілдеден бастап - Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Дәненов.

2013 жылдың қазан айынан бастап - Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьен.

2013 жылдан бастап - Францияның Алматыдағы бас консулы Патрик Ренар.

Қазақстанның Франциядағы құрметті консулдары: Доминик Пажес (Францияның оңтүстік өңірі) және Эрве Броннер (Лион қ.).

Саяси қарым-қатынастар

Қазақстандық-Француз қарым-қатынастарының негізгі қағидаттары 1992 жылы Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Францияға ресми сапары барысында қаланған болатын, атап айтқанда екі ел арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы шартқа қол қойылды.

1992 жылдан бастап Президент Н. Назарбаевтың Францияға 11 ресми және жұмыс сапарлары өтті, соның ішінде 2015 жылдың қараша айындағы мемлекеттік сапары.

Сонымен бірге Франция басшылығы Қазақстанға бірнеше сапарларын өткізді, атап айтқанда Ф. Миттеран (1993 ж.), Н. Саркози (2009 ж.) және билікте тұрған Президент Ф. Олланд (2014 ж. желтоқсан айында).

2008 жылы Парижде екі елдің басшылары стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды. Франция Қазақстанмен ынтымақтастықтың мұндай деңгейінде орнатқан алғашқы ЕО-ға мүше мемлекеті болды.

2010 жылғы 16 шілде Сыртқы істер министрлері қол қойған хаттамаға сәйкес Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасында тұрақты саяси диалог қалыптастыру мақсатында өзара мәселелері бойынша пікір алмасуда «Қазақстан-Франция» президенттік комиссия және жұмыс істейтін бұл мекеме бірлескен жобаларды іске асыру арқылы ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын іздестіруде өзара қызығушылық жасайды.

Үкімет басшылары деңгейіндегі кездесулер тұрақты түрге айналды. Соңғы кездесу 2015 жылғы желтоқсанда Парижде Климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ-ның конференциясы (COP 21) шеңберінде өтті.

Парламентаралық қарым-қатынастар жүйелі түрде дамып келеді. Франция Парламентінің екі палатасында парламентаралық достық топтары жұмыс атқарып келеді. Сенатта «Франция-Қазақстан» шағын тобын басқару мәртебесі М. Буварға берілді. Ұлттық Ассамблеяда «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы Т. Мариани болып келеді.

Сыртқы істер министрліктері арасында байланыстар қолдаушылық табуда. 2013 жылғы 1 наурызда Қазақстанға алғашқы сапарын Францияның сыртқы істер министрі Л. Фабиус жасады. 2014 жылдың 10-11 маусымда Парижге ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов сапармен келді.

СІМ-аралық консультациялар саяси ынтымақтастықтың ең тиімді құралдарының бірі болып табылады. Стратегиялық әріптестік туралы шарттың күшіне енген кезден бастап сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде төрт раунды келіссөздер өткізілді.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастар

Франция соңғы жылдары (Ресей, Қытай, Нидерланды және Италиядан кейін) Қазақстанның сауда әріптестері тізімінде бесінші орынға ие болды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда айналымы 3,35 млрд. АҚШ доллар (экспорт – 2,68 млрд., импорт – 670 млн.) құрады.

Қазақстандық экспорттың негізі мұнай, металл және металл өнімдері, химиялық өнімдер, ауыл шаруашылығының өнімдері болып табылады. Қазақстан Франциядан электр, электрондық және механикалық жабдықтар, тұтыну тауарлары, фармацевтика мен косметика, автомобильдер, азық-түлік, құрылыс материалдарды алады.

2005 және 2015 жж. арасындағы Қазақстан экономикасына жұмсалған француз инвестициясының көлемі 11,4 млрд. АҚШ долларды құрады. Осы мерзім ішінде Францияға қазақстандық тікелей инвестициялар көлемі 25,5 млн. АҚШ доллары болды. Біздің елімізде француз капиталының қатысуымен 128 кәсіпорын сәтті жұмыс атқарып жүр, атап айтқанда «Total», «Areva», «Air Liquide», «Danone», «Vicat», «PSA», «Alstom» және т.б. олар жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазақстандық тарапынан тең төрағасы Инвестициялық және даму министрі Ә. Исекешев, ал француз тарапынан - Сыртқы сауда бойынша, туризмді дамытуға ықпал ететін және шетелдегі француздар мәселелері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы М.Фекль. Бизнес өкілдерінің тұрақты кездесулері қазақстандық-француз іскерлік кеңесі (ІК) аясында өтіп тұрады. Оған қазақстандық тарапынан басшылықты «Визор Холдинг» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы А. Кәрібжанов жүзеге асырса, ал француз тарапынан - «Total» қайырымдылық қорының Президенті                         И.-Л. Даррикаррер болып табылады. ҮАК 12 –ші отырысы және ІК –нің 7-ші отырысы 2015 жылғы 24 қыркүйекте Парижде өтті. ҮАК пен ІК Президенттік комиссиясының институционалдық тетіктері болып табылады.

2015 жылғы 29 наурыздан бастап, «Air Astana» әуекомпаниясының Астана-Париж бағыты бойынша тікелей рейсі ашылды. 2016 жылғы 2 ақпанда «Air Astana» мен Еуропалық әуекомпанияларының бірлестігі «Air France - KLM» Астана және Париж арасында ұшуларға  арналған кодшеринг келісіміне қол қойылды.

2015 жылғы 16 шілдеден 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін Франция азаматтарына Қазақстанға қысқа сапар жасау (15 күн) үшін визасыз режимі ұзартылды.

Франция ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы ел ретінде өз бюджетін айқындаған бірінші ел болып, болашақ француз павильонның бас комиссары лауазымына П.Лороны тағайындады.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Соңғы жылдары екі ел арасындағы мәдени байланыстарды кеңейіп, білім беру саласындағы ынтымақтастығы айтарлықтай күшейді. 2013 жылғы 1 наурызда Францияның Сыртқы істер министрі Л. Фабиустың Астанаға сапары барысында жоғары білім беру және ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. 2013 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласына өткен Франкфон істері жөніндегі министрінің сапары барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қабырғасында «Сорбон-Қазақстан» университетін құру туралы келісімге қол қойылды. Қазақстанда «Альянс Франсэз» мәдени және білім беру мекемесінің өкілдіктері жұмыс атқаруда.

2015 жылғы 4-6 қарашада Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Францияға жасаған сапары барысында Парижде қазақстандық-француз жоғары оқу орындарының алтыншы форумы өтті. Қорытындысы ретінде ҚР Білім және ғылым министрінің және ФР Жоғары білім және ғылым мемлекеттік хатшысының бірлескен декларациясы, сондай-ақ ЖОО арасында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды.

2013-2014 жылдары екіжақты қарым-қатынастары тарихында алғаш рет Қазақстан мен Франция арасында мәдениаралық қосарлы маусымдар өткізілді, онда екі ел халықтары бір-бірінің бай мәдени мұрасымен және заманауи өнерінің жоғары деңгейімен танысты. Жалпы, Қазақстанның әртістері Париж және басқа да француз қалаларының концерттік залдары мен сахналарында үнемі өнер көрсетіп жүр. 2015 жылғы 9-11 шілдеде Канн қаласында «Сазген сазы» ансамблі және М.Бисенғалиевтың басшылығымен симфониялық оркестрдің қатысуымен Алматының музыкалық кештер ұйымдастырылды. Жерорта теңізінің жағалауында жергілікті тұрғындар мен туристердің назарларына этно-ауыл құрылды.

2015 жылғы 22 қыркүйекте Қазақ хандығының 550-жылдығына орай Б. Ғабдуллиннің қазақ мемлекетінің қалыптасуының шамамен алты ғасыр тарихын ашатын «Ұлы көш» кітабының тұсаукесері өтті.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың Парижге ресми сапары қарсаңында (2015 жылғы 4-6 қараша) Францияның Құрметті легион Ұлттық мұражайына Қазақстанның мемлекеттік ордендер мен медальдардың нысандары берілді.

Тұрақты түрде Францияда тұрып жатқан этникалық қазақтардың қоғамдастығымен байланыстар бекітілді. Бірлескен мәдени және спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады. 2013 жылғы 18-19 мамырда Парижде Еуропалық қазақтардың шағын құрылтайы өтті.