Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

1996 ж. 10 желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы мен Югославия Одақтас Республикасы (құқықтық мұрагері – Сербия) арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2011 ж. 23 маусымнан бастап Астанада Сербия Республикасының Елшілігі ашылды. В.Миркович Сербия Республикасының Қазақстан Республикасының елшісі болып тағайындалды.

2014 ж. 4 ақпанда Қазақстан Республикасының Сербия Республикасына қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Рүстемов Сербия Президенті Т.Николичке сенім грамоталарын тапсырды.

2015 ж. 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінің Белград қаласындағы тұрақты жұмыс орнымен бөлімшесінің салтанатты ашылуы, сондай-ақ М.Карич ханымның Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Құрметті консулы лауазымында ұлықтау рәсімі орын алды.

Саяси қатынастар

Екі ел арасындағы қатынастар өзара түсіністік пен сенімділік арнада дамып келеді. Халықаралық саясатының маңызды проблемалары бойынша екі елдің ұстанымдары түйіседі. Сербия Республикасы ЕҚЫҰ Төрағасы және ЕҚЫҰ Саммитті Астанада өткізу, соднай-ақ 2017-18 жж. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүшелігіне Қазақстанның бастамаларының ұдайы қолдаушысы болды.

1999 жылғы 9 қарашада Астанада Қазақстан мен Югославияның Сыртқы істер министрліктері арасындағы кеңестер өтті. Кеңеске югослав тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары З.Кликич және Ресей Федерациясы және ТМД елдерімен ынтымақтастық бойынша департаментінің директоры С.Стоянович қатысты. Қазақстандық тараптан делегацияны ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов қабылдады.

2000 жылғы 4 қыркүйекте Астанада Югославия Одақтық Республикасының қоса атқарушы Елшісі Б.Милошевичпен ҚР Мемлекеттік хатшысы Ә.Кекілбаевқа сенім грамоталарын тапсыру салтанаты өтті.

2003 жылғы 1 желтоқсанда Маастрихт қаласында ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 11-ші конференциясының шеңберінде ҚР Сыртқы істер бірінші вице-министрі Қ.Әбусейітовтің Сербия және Черногория Сыртқы істер министрінің орынбасары В.Зугичпен кездесуі өтті.

2004 жылы ҚР Елшісі Сербия және Черногория Республикасының Президенті С.Маровичке, сондай-ақ Астанада Сербия және Черногорияның қоса атқарушы Елшісі М.Рочен ҚР Мемлекеттік хатшысы О.Әбдікәрімовке сенім грамоталарын тапсырды.

2004 жылғы 29 шілдеде Сербия және Черногорияның Сыртқыэкономикалық байланыстар министрінің орынбасары Д.Йовович Астанаға сапармен келді.

2005 жылғы 11 қарашада Сербия және Черногория Президенті С.Маровичтің жеке өкілі ретінде ҚР Президентінің ұлықтау салтанатына Елші М.Рочен қатысты.

2007 жылғы 28 қарашада Сербияның Сауда және қызмет көрсету министрі П.Бубалоның Қазақстанға сапары өтті. Оның ҚР Индустрия және сауда, Көлік және коммуникациялар министрліктерінде кездесулері өтіп, «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» атты «дөңгелек үстелі» ұйымдастырылды.

2008 жылғы 16 қазанда ҚР Елшісі Р.Ыбыраев Сербия Республикасының Президенті Б.Тадичке сенім грамоталарын тапсырды.

Грамоталарды тапсыру салтанатынан кейін екі жақты ынтымақтастықты тереңдету бойынша пікір алмасу туралы сұхбат өтіп, екі жақты шарт-құқықтық базаны құру қажеттілігі атап өтілді.

2009 жылғы 3-4 қарашада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Еуропалық Одақпен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі К.Жигаловтың Белград қаласына сапары өтті. Сапар барысында СР Сыртқы істер министрі В.Еремичпен, Косово және Метохия істері жөніндегі министр Г.Богдановичпен және СР Президентінің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Й.Ратковичпен кездесулері өтті.

Кездесу барысында В.Еремич Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізу бойынша қазақстандық бастаманы Сербия қолдайтыны туралы мәлімдеді.

Бұл шарамен қатарлас СР Сыртқы істер министрінің орынбасарлары М.Стефановичтің, М.Йововичтің және М.Маринковичтің, сондай-ақ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры С.Прицтың, ТМД елдерімен ынтымақтастық департаментінің директоры В.Мирковичтің және Консулдық қызмет департаментінің директоры М.Прковичтің қатысуымен екі елдің Сыртқыісмині және консулдық қызметтер арасындағы кеңестер өткізілді.

2009 жылғы 1 желтоқсанда Афины қаласындағы ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің конференциясының шеңберінде ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың Сербияның Сыртқы істер министрі В.Еремичпен кездесуі өтіп, екі жақты және көпжақты ынтымақтастығының бірқатар мәселелері талқыланды.

2010 жылғы 11 ақпанда Сербияның Елшісі Е.Курьяк ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Саудабаевқа сенім грамоталарын тапсырды.

2011 жылы әртүрлі деңгейлердегі өзара кездесулер санының өсуі байқалды. 19-21 мамырда Еуропалық қайта құру және даму банкінің жылсайынғы сессиясына қатысқан СР премьер-министрінің орынбасары В.Каланович және Экономикалық және аймақтық даму министрлігінің мемлекеттік хатшысы В.Арсич ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қ.Келімбетовпен кездесу өткізді.

2011 жылғы 23-24 маусымда елшілік ашу мақсатымен СР СІМ-нің мемлекеттік хатшысы И.Мркич Астанаға сапар жасады.

2011 жылғы 5-6 қыркүйекте Белград қаласында өткен «Қосылмау қозғалысының» саммитіне қазақстандық делегация байқаушы ретінде қатысты. Форум барысында делегация басшысы, ҚР-дың ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Д.Бәкішевтің Сербияның сыртқы істер министрдің орынбасары П.Здравкомен кездесуі орын алды.

2011 жылғы 23 қыркүйекте БҰҰ БА-ның 66-сессиясы барысында ҚР мен СР-дың сыртқысаяси мекемелерінің басшылары Е.Қазыхановтың В.Еремичпен кездесуі өтті. Келіссөздер барысында бірқатар халықаралық мәселелер бойынша талқылау өткізілді.

2011 жылғы 17-18 қараша кезеңінде СР сыртқы істер министрі В.Еремичтің Астанаға сапары шеңберінде ол ҚР-дың премьер-министрі және сыртқы істер министрімен кездесті. Кездесулер барысында сауда-экономикалық, энергетикалық және мәдени салаларының көптеген мәселелері көтерілді.

2014 жылғы 3-6 ақпан кезеңінде Белград қаласында ҚР Елшісі Н.Рүстемов Сербия Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін РС Сыртқы істер министрі И.Мркичпен келіссөздер өткізіп, Сербия Парламентінің Қазақстанмен ынтымақтастық тобының депутаттарымен, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің тиісті департамент және СӨП басшыларымен кездесті.

2014 жылғы көктемде Сербияда орын алған су тасқынның салдарын жою мақсатында ҚР Үкіметі гумантарық көмек көрсетуге шешім қабылдады.

2015 ж. 3-5 маусым аралығында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков Сербияға саперы барысында СР Президента Т.Николич, Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Сыртқы істер министрі - ЕҚЫҰ-ның Лауазымдағы төрағасы И.Дачич, Премьер-министрінің орынбасары, Сауда, туризм және телекоммуникация министрі, Сауда ынтымақтастығы жөніндегі қазақстан-серб үкіметаралық комиссияның теңтөрағасы Р.Ляич, Әділет министрі Н.Селакович және Серб православие шіркеуінің Партриархы Иринеймен кездесулер өткізді.

Парламентаралық ынтымақтастық

2009 жылғы 24-28 маусымда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары В.Котович және А.Милютин Белградта өткен 16-шы Православ Парламенттік Ассамблеясының жұмысына қатысты.

2010 жылғы 7 қазанда Сербия президенті Б.Тадичтің Қазақстанға сапары шеңберінде өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы О.Мұхамеджановпен кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастық топтарын құруға келісімге жетті.

2011 жылғы 6-10 шілде аралығында ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының жазғы сессиясына қатысуға ҚР Сенаты халықаралық істер және қауіпсіздік бойынша комитетінің төрағасы Қ.Сұлтановтың басшысымен ҚР Парламенті депутаттарының делегациясы Белград қаласына сапарын өткізді.

2014 жылғы наурызда Сербия Скупщинасы Серб-қазақстан достық парламентаралық топты құрды.

 2015 ж. 6 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі депуттарының, әлеуетті құрылымдар және ҮЕҰ өкіодерінің бірлескен делегациясы ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы күрес бойынша тәжірибемен алмасу бағдарламасы шеңберінде Сербия Республикасына келді.

Сауда-экономикалық байланыстар

Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда айналымының көлемі 2015 ж. екі айы бойынша 1.7 млн. долл. құрды (барлығы Қазақстанға импорт) 2014 жылда 20 млн. долл. болды (экспорт – 0,3 млн. долл., импорт 19,7 млн. долл.) ал 2013 жылы 22,7 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 4,5 млн. долл., импорт 18,2 млн. долл.). 2012 ж. сауда айналымның көлемі 25,3 млн. АҚШ долл. болдып, 2011 ж. 15,5 млн. АҚШ долл. теңдеді. 2010 жылы сауда айналымы 13 млн. долл. жетті, 2009 ж. – 18,5 млн долл., 2008 ж. – 12,5 млн долл.

Шарт-құқықтық база

2009 жылғы 4 қарашада Қазақстан мен Сербия арасында дипломаттық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

2010 жылғы 7 қазанда СР президенті Б.Тадичтің ҚР-ға сапары шеңберінде еркін сауда туралы, инвестицияны өзара көтермелеу және қорғау туралы және ұлттық паспорттар иелерін визалық тәртіптен босату туралы келісімдерге, сондай-ақ екі мемлекеттің Сауда-өнеркәсіп палаталары және СІМдері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

2012 ж. желтоқсанда Белградта және 2013 ж. сәуірде Астана қаласында қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция жобасын талқылау жөнінде сарапшылар кездесулері өтті. Қол қоюға дайын.

        Қазақстан тарапының қарауында келесі құжаттар:

1. Автокөлік халықаралық тасымалдау туралы ҚР Үкіметі және РС Үкіметі арасындағы келісім (үкіметаралық).

2. Қылмысқа қарсы күрес бойынша ынтымақтастық туралы ҚР Үкіметі және РС Үкіметі арасындағы келісім (үкіметаралық).

3. Туризм  саласындағы ынтымақтастық туралы ҚР Үкіметі және РС Үкіметі арасындағы келісім (үкіметаралық).

4. Үшінші мемлекеттердің нарықтарында экономикалық ынтымақтастық туралы ҚР Үкіметі және РС Үкіметі арасындағы келісім (үкіметаралық).

5. Ақпараттық және телебайланыс технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы ҚР Үкіметі және РС Үкіметі арасындағы келісім (үкіметаралық).

         Серб тарапының қарауындағы келісімдер:

1. ҚР және РС арасындағы тұлғаларды беру туралы.

2. ҚР және РС арасындағы сотталған тұлғаларды тапсыру туралы.

3. ҚР және РС арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы.

         2015 ж. 20-25 сәуір кезеңінде Белград қаласында қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы ынтымақтастық бойынша құжаттар жобаларының пакетін қарастыру жөнінде сарапшылар кездесуі өткізілді. Қазіргі таңда құжаттар тараптардың ішкімемлекеттік рәсімдеуден өтуде.