Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәлімет

1992 жылғы 20 қыркүйегінде – Қазақстан Республикасы мен Словения Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2013 ж. тамыз айынан –Словения Республикасының Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі (Мәскеу қ.)  П.Шелиго тағайындалды.

2014 жылдан – Қ.СарыбайҚазақстан Республикасының Словения Республикасындағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Саяси қатынастар

2002 жылғы мамырда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Люблянаға сапарының барысында екі елдің арасында саяси диалог орнатылды.

2002 жылғы қыркүйекте СР Президенті М.Кучанның Астанаға жауапты сапары болды.

2009 жылғы 10-12 қарашадағы Словенияның Президенті Д.Тюрктің Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті.  

2011 жылғы маусымында Словенияның Сыртқы істер министрі С.Жбогар ИЫҰ СІМК жұмысына қатысқан, оның барысында ол ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановпен кездесуі өткізілді.

2013 жылы 12-13 маусымда Астанаға Словения Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі К.Эрьявец жұмыс сапарын шегіп, оның барысында Қазақстан-Словения сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өткізілді.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастар

Қазақстан мен Словения арасындағы сауда айналымы 2015 ж. 93,1 млн. АҚШ долл. (экспорт – 18,2 млн. АҚШ долл, импорт – 74,9 млн. АҚШ долл), 2014 ж. 119,3 млн. долл. (ҚР-дан экспорт – 23,9 млн. АҚШ долл., ҚР-на импорт – 95,3 млн. АҚШ долл.) құрады.

Словениядан Қазақстанға тезкесілетін болат, ергіш ас қосымшалар, темір, электрондық жабдықтар мен толымдауыштар, тау-кен қазушы техника, кеңсе құралдар, машина жасау өнімдері, фотоаппараттар мен фотоқұралдар, ойыншықтар мен спорт бұйымдары, тастан жасалатын бұйымдар, цемент, жиһаздар мен киімдер импортталанады.

Қазақстаннан Словенияға мақта, темір мен болат, фенолокетон,электрондық жабдықтар мен толымдауыштар экспортталанады.

Қазақстан-Словения сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы жұмыс істеуде (ҮАК). ҮАК-тың екінші отырысы Астанада 2013 жылғы 13 маусымында өткізілді.