Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

1993 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы арасында дипломатиялық қатынас орнатылды.

2005 жылы қантарда Астана қаласында Словак Республикасының Елшілігі орнатылды.

2006 жылы маусымда Братислава қаласында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық өкілеттік орнатылды. ҚР Чех Республикасындағы Елшісі  Прага қаласында тұрақты тұрғылықты мекенмен.

Саяси қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы арасында тұрақты саяси диалог жүргізіп келеді. Мемлекет басшыларының кездесулері мен жеке жолдаулар алмасуы тараптардың сенімді әрі сындарлы қатынас қалыптастыруға ұмтылыстарын дәлелдеп, ынтымақтастықты қарқындату үшін қажетті алғышарттар жасалуда. Басты халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдардың өзара жақындығы білінеді.

Екі жақты қатынастың маңызды оқиғалары ретінде ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың 1998 жылдың 27 мамырында Люксембург қаласында Еуроатлантикалық кеңес сессиясы аясында СР Сыртқы саясат ведомствосының басшысы З.Крампловамен кездесуін атауға болады.

1999 жылы мамыр айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасында сыртқы саясат кеңесі өткізілді.

1999 жылы 18 қарашада Стамбул қаласында ОБСЕ саммиті аясында Президенттер Н.Назарбаев пен Р.Шустердің алғашқы кездесуі болды.

2001 жылы 14-15 қарашады Словакия Республикасының Президенті Р.Шустердің Қазақстанға ресми сапары болып, оның барысында Қазақстан Республикасы және Словакия Республикасы арасындағы қатынастардың негізі жөніндегі Декларацияға, Сертификация, стандартизация және метрология саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ведомствоаралық келісімге қол қойылды. Сапар аясында Қазақстан және Словакия іскер өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум, сонымен бірге Үкіметаралық комиссияның сауда- экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы екінші отырысы өтті.

2003 жылы қаңтарда Словакия Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Й.Береньидің Қазақстанға жұмыс сапары болды.

2004 жылы 1 маусымда Братислава қаласында екі ел арасындағы транзиттік артықшылықтарды тиімді пайдаланып, көлік саласынының құқықтық аясын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Словакия Республикасы Үкіметі арасындағы халықаралық автомобильдік қатынас жолдары туралы келісімге қол қойылды.

2007 жылы 20-21 қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Словакияға бірінші мемлекеттік сапары болды. Онын барысында келесі шарттарға қол қойылды: инвестицияларды қөтермелеу және өзара қорғау туралы, ұйымдасқан қылмыспен, терроризммен, зансыз есіркелер, психотроптық заттектер және олардын прекурсорлар айналыммен және басқа турлер қылмыстармен күресу туралы үкіметаралық келісімдер, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен СР Мәдениет министрлігі арасындағы өзара түсіністік Меморандум, ҚР Денсаулық министрлігі мен СР Денсуалық министрлігі арасындағы медицина саласында ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме.

2010 жылы 29-31 наурызда Словак Республикасының Президенті И.Гашпаровичтың жауапты мемлекеттік сапар болды. Онын барысында қазақстандық-словак бизнес-форум өтті және  жауынгерлерді жерлеу туралы үкіметаралық келісімге, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «ŽOS - VÝVOJ, s.r.o.» словак компаниясы арасындағы бірлескен кәсіпорын құруы туралы құрылтайшылық шартқа қол қойылды.

2010 жылы 1-2 желтоқсанда Словак Республикасының Президенті И.Гашпарович словак делегациясының басшысы ретінде ЕҚЫУ Саммитке Астанаға қайта келіп кетті.    

 

Министрліқ және мекемеліқ денгейлі кездесулер

2009 жылы 23 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың  БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясы аясында СР Сыртқы істер министрі М.Лайчакпен кездесуі болды.

2012 жылы 8 маусымда ҚР СІМ Жауапты хатшысы Р.Жошыбаевтың Братислава қаласына сапары болды. СР СІМ Мемлекеттік хатшысы П.Бурьянмен кездесу барысында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсимовтың EXPO 2017 халықаралық көрмені өткізу үшін Астана қаласы кандидатурасың қолдау туралы словак басшыларына арналған хаттың тапсырды.

2013 жылы 24 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың  БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-сессиясы аясында СР Сыртқы істер министрі М.Лайчакпен кездесуі болды.

2014 жылы 25 сәуірде Братиславада Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасында сыртқы саясат кеңесі өткізілді. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков басқарды. Словак делегацияны Сыртқы және Еуропа істер Министрлігінің Мемлекеттік хатшысы П.Буриан басқарды.

Парламентаралық қатынастар

Парламентаралық ынтымақтастық екі жақты қатынастарды нығайту ерекше салым енгізеді. Словак Парламентінде  Әзербайжан, Армения, Белорусь, Грузия,Қазақстан, Қырғызстан, Молдова,Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан мемлекеттермен Достастық тобы қурылғаң. Оның ішінде 18 депутат. Топтың төрағасы Роберт Мадей «SMER-SD» социал-демократтық елдің басшы партиясының өкілі болып табылады.        

2007 жылы 19 - 25 наурызда ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттар И.Чиркалин және В.Егоров Словак Республикасының жергілікті  басқару саласында тәжірибе алмасу семинарға қатысты.

2013 жылы 10-13 маусымда ҚР Парламентінің Сенат Төрағасы Қ.Мами шақыру арқылы Словак Республикасының Ұлттық Кенесінің Төрағасы П.Пашканың Қазақстанға ресми сапары болды.

2015 жылы 23 ақпанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын ілгерлету үшін Мемлекет басшысының арнайы уәкілі ретінде Словак Республикасына сапармен барды.

Келісім-шарттар негізі 

Қазақстан мен Словакия арасында 16 үкіметаралық және мекемеаралық денгейлі қужаттарға қол қойылған. Олар екі мемлекеттердің әр түрлі саласында белсенді және жемісті өзара әрекеттер үшін керекті құқықтық негізің орнатады.   

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Словакия – Қазақстанға келешекті экономикалық серіктес болып табылады және онымен ынтымақтастық әлеуеті әзірге толық пайдаланбаған.  

ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің ресми ақпаратына сәйкес, Қазақстан мен Словакия арасындағы тауар айналымы 2014 жылы 164,257 млн.долл. құрады, оның ішінде (импорт – 38,057 млн.долл., экспорт – 126,200 млн.долл.).

Қазақстан экспортының негізгі баптарына мырыш, мыс, хром, марганец, қорғасын, алюминий, темір, мақта, химикаттар кіреді. Импортта машина, техника және құрылғылар, құрылыс материалдары, гербицидтер, дәрілер, азық-түлік, сүректен жасалған қағаз массасы, полиграфиялық өнімдер, тоқыма, жиһаз өнімдері басым.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық барысында басты рөл Қазақстан-словакия сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы Үкіметаралық комиссиясы атқарады.

1998 жылдаң бастап Үкіметаралық комиссиясының 6 отырыстары өтті. Сонғысы – 2013 жылы 11-12 маусымда болды. Үкіметаралық комиссиясының 6-ші отырыстың барысында словак тарапы Қазақстанға қөлік, азаматтық авиация, энергетика, ауыл-шаруашылығы, статистика, туризм және қарыж салаларында бірнеше ұсыныстар жолдады.

Өндеуші өніркәсіп, аграрлық секторы, құрылыс саласы, женіл, азық-түлік жәнеде ағаш өңдеу өнеркәсіптерінің тауарларды өндірісу, туристік және білім алмасу, шағын және орташа бизнес  туралы бірлескен жобалар Қазақстан-словакия ынтымақтастықтың келешекті бағыттар болып табылады.

Көлік саласы Қазақстан-словакия ынтымақтастыққа үлкен әлеует салады, негізі Қазақстан мен Словакия транзитты мемлекеттер болып табылады. Осыған байланысты Батыс Еуропа және Азия бағыттарға таураларды тасымалдау мүмкіншіліктер бар.   

Қазіргі уақытта Қазақстанда словак капиталмен, негізінде машина жасау, құрылыс, сауда, қызмет, фармацевтиқалық препаратарды өндіру салаларда, он жеті бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Словакияның өркендеген қөлік және машина жасау саласың болуы санасқанда, онын ресурстарын ҚР Қөлік стратегияны және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобаны жүзеге асыру үшін тартуға мүмкіншіліктер бар.

Әскери және әскери-өнеркәсіптік салаларында өзара әрекеттер екі жақты ынтымақтастықтың манызды бағыты болым табылады.

Мәдени - гуманитарлық ынтымақтастық

2009 жылы 9 қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасының және Словак Республикасының Білім министрліктер арасындағы тиісті меморандумның негізінде жоғары оқу орындар аралық ынтымақтастық сәтті болып дамыйды. 

Кәзіргі уақытта тараптардын білім беру мекемелер арасындағы нақты байланыстар магистрантарға және докторантарға Словакиядағы университеттерінде машықтану, әр-түрлі маманды докторлық диссертацияларға бірлескен ғылыми жетекшілік үшін, студенттер және профессорлы - оқытушылар құрамдарды алмасуға мүмкіншіліктер береді.

2013 жылы наурызда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультеті 10 оқытушылар Нитра қаласындағы Аграрлық Университетінде және Братислава қаласындағы Мемлекеттік экономикалық университетінде ғылыми машықтану өтті.

Бұдан басқа, жыл сайын словак тарапы үкіметтік ресми көмек даму бағдарлама барысында Словакиядағы жоғары оқу орындарда қазақстандық студентерді оқыту үшін бірнеше мемлекеттік грант береді.