Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәлімет

1992 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Румыния арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 жылғы қарашада Румынияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2003 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Румыниядағы Дипломатиялық миссиясы ашылды. 2012 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Дипломатиялық миссиясы Елшілік болып қайта құрылды.

2014 жылғы 2 қыркүйекте – Дәулет Батырашев Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2012 жылғы мамырдан бастап – Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николае Уреке.

Саяси қатынастар

Қазақстан Шығыс Еуропадағы және Балкан түбегіндегі маңызды серіктестердің бірі ретінде Румыниямен қарым қатынастың дамуына айрықша көңіл бөледі.

Қысқа мерзім ішінде, екі елдер саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығында, сондай-ақ көпжақты әрекеттесуде айтарлықтай елеулі прогресске жетті.  

Қазақстан мен Румыния үздіксіз саяси диалогты жүргізуде, екі елдің парламенттерінде «достық топтары» қызмет атқаруда. Екі елдер депутаттарының жылсайынғы кездесулері өткізілуде.

Екі ел БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде өз қимылдарын үйлестіруде. Румыния Қазақстанның 2010 жылдағы ЕҚЫҰ-дағы Төрағалығын және Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитін, «Астана Экспо-2017» көрмесін өткізуіне мен қатысуына, 2017-2018 жж. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Тұрақсыз мүшелігіне және «Азия – Еуропа форумына» (АСЕМ) қосылуына қолдау білдірді.  

Жыл сайын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі және Румынияның  Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хатшысы деңгейінде саяси кеңесулер өткізіледі. 2015 ж. 13 мамырдағы соң,ы кеңесулер барысында тараптар 2015-2016 жж. арналған Сыртқы саяси мекемелері арасындағы  бірлескен іс-әрекет жоспарын қабылдады.

Жоғарғы деңгейдегі сапарлар

1998 ж. қыркүйекте – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Румынияға ресми сапары.

1999 ж. қарашада – Румынияның Президенті Э.Константинескудың Қазақстанға ресми сапары.

2003 ж. қыркүйекте – Румынияның Президенті И.Илиескудың Қазақстанға ресми сапары.

2007 жылғы қарашада – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Румынияға ресми сапары.

2010 жылғы наурызда - Румынияның Президенті Т.Басескудың Қазақстанға мемлекеттік сапары.

2010 жылғы желтоқсанда – Румынияның Президенті Т.Басеску ЕҚЫҰ Астана саммитіне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапармен келді.

Үкімет басшылар деңгейдегі сапарлар

2013 ж. маусым - Румыния Премьер-министрі В.Понтаның Қазақстанға ресми сапары.

Сыртқы істер министрлер деңгейіндегі сапарлар

1992 жылғы шілдеде – Румыния Сыртқы істер министрі А.Настаседің Қазақстанға ресми сапары. Осы сапар барысында Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық қатынастар туралы хаттамасына қол қойылды.

2008 жылғы қарашада – Румыния Сыртқы істер министрі Л.Команэскудың Қазақстанға жұмыс сапары.

Шарт-құқықтық база

Қазақстан мен Румынияның арасындағы шарт-құқықтық базасы 18 екіжақты келісімдерден тұрады. 1992 жылда қол қойылған мемлекетаралық құжаттардың біріншісі болып табылатын Дипломатиялық қарым-қатынастар орнату туралы хаттама басқа да екіжақты құжаттардың жасасуына негізін салды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Екі елдің арасындағы тиімді саяси диалог экономикалық ынтымақтастықтың дамуына оң ықпал жасауда.

2015 жылғы қаңтар-қазан аралығында қазақстандық-румын тауар айналымы 1,26 млрд. АҚШ доллар (экспорт – 1,19 млрд. долл., импорт – 66,71 млн. долл.) құрады. 2014 ж. – 3,27 млрд. долл. (экспорт – 3,15 млрд. долл., импорт – 119,5 млн. долл.)

Қазақстанға 2015 жылғы шілдеге дейін 887,7 млн. АҚШ долл. румындық инвестиция құйылды. Қазақстан, өз кезегінде, Румынияның ең ірі инвесторлардың бірі.

Қазақстан мен Румынияның сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі бағыттары: энергетика, машинажасау, металлургия, көлік және логистика, және жеңіл өнеркәсіп болып табылады. Румынияда сауданың, жиһаз жасау, киім және аяқ киімнің тігіс салада 13  кәсіпорындар жқмыс істейді. Қазақстанда Қазақстан-Румыния бірлескен 35 кәсіпорындар тіркелген.

Сауда-экономикалық ынтымақтастың ең маңызды тетіктерінің бірі Қазақстандық-румын сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия  болып табылады. Үкіметаралық комиссияның 11-отырысы 2015 ж. 27-28 мамырда Бухарестте өтті.

2013 жылғы 4 шілдеде Галац қаласында Қазақстан Республикасының Румыниядағы Құрметті консулдығы ашылды.

Екі елдің іскерлік топтары мен шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасындағы әріптестікті белсендіруге, сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастықтың дамуына үлкен мән беруде.

2016 жылғы 13 қаңтарда Бухарестте екі елдің іскер топтары арасындағы диалогын дамыту мен нығайту, сондай-ақ бірлескен экономикалық жобаларға көмек, қолдау және кеңесулер беру сияқты міндеттерін қамтитын жаңартылған Румындық-Қазақстандық екіжақты сауда-өнеркәсіп палатасының тұсау кесері мен оның бірінші отырысы өтті.

Мәдениет-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстанда Румынияның «Ұлы Штефан» (Алматы қ.), «Дачия» (Қарағанды қ.) және «Буковина» (Павлодар қ.)  ұлттық-мәдениет қоғамдары жемісті қызмет атқаруда. Олардың негізінде румын тілін оқыту курстары және де түрлі мәдени шаралар өткізілуде.

Румынияда Бабеш-Боляй университетінің (Клуж-Напока қ.) шеңберінде қазақ мәдениет, тіл және тарих орталығының ашылуына уағдаластыққа қол жеткізілді.

2015 ж. қыркүйекте – Бухарест қ. ҚР және Румыния азаматтарының балаларына арналған қазақ тілінде оқытатын мектепке дейінгі мекеме ашылды.

2015 ж. қарашада –  Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» және Румынияның Кинематографшылары одағының қолдауымен ұйымдастырылған Еуропадағы осындай тәріздес ең ірі Румыниядағы Қазақ киносы фестивалі өтті. Іс-шарада белгілі қазақстандық кино режиссерларының түрлі жылдарының 9 кино туындылары көрсетілді.

Қазақстандық музыканттар Бухарест қаласында өтетін Джордже Энеску атындағы классикалық музыка фестивалінде жыл сайын қатысуда. 2015 жылғы 5 желтоқсанда Ханшайым Маргарета атындағы оркестрімен казақстандық скрипкашысы Арман Мырзағалиевтың  концерті өтеді.

ҚР Румыниядағы Елшілігі