Размер шрифта
Цвета сайта

Жалпы мәліметтер

1992 жылы 6 сәуірінде дипломатиялық қарым - қатынас орнатылды.

1994 жылы 20 наурызда Польша Республикасының Елшілігі (ПР) ҚР ашылды.

2000 жылдыңқазанынан бастап Польшада Қазақстан Республикасының Елшілігі жұмысын бастады.

2011 жылдың наурызынан бастап Қазақстанда Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Я. Ключковский.

2012 жылдан Қазақстан Республикасының Польшада Төтенше және Өкілетті Елшісі Е. Утембаев.

Саяси қарым-қатынастар

Дипломатиялық қарым қатынас орнағаннан бері ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Польшаға 2 сапары (1997 ж. қарашада, 2002 ж. мамырында) өтті. Қазақстанда Польшаның президенттері А. Квасьневский (1999 ж. қарашасында) және Л. Качиньский (2007ж. наурызда) болды.

Қазақстанда Польшаның премьер –министрлерінен 1994 ж. қыркүйекте В. Павляк және 2003 ж. мамырда Л. Миллер болды.

Қазақстанда ресми сапармен 1998 ж. сәуірінде ПР Сыртқы істер министрі Б. Геремек болды. 2002 ж. 27-30 сәуірінде ПР Сыртқы істер министрі В. Чимошевичтің Қазақстанға ресми сапары өтті.

ЕҚЫҰ-ның сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуіне (Алматы, 2010 ж. 16-17 шілде) және ЕҚЫҰ Саммитіне (Астана, 2010 ж. 1-2 желтоқсан) ПР Сыртқы істер министрі Р. Сикорский қатысты.

2012 ж. 21-22 маусымда ҚР Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың Польшаға жұмыс сапары орын алды.

2013 ж. 1 ақпанында Мюнхен қ. және 24 наурызында Гаага қ. Сыртқы Істер министрі Е.Ыдырысовтың ПР Сыртқы Істер министрі Р.Сикорскимен кездесуі өтті.

Парламент жетекшілерінен 2005 ж. сәуірінде және 2006 ж. қаңтарында ҚР Сенат Төрағасы Л. Пастушяк пен (ҚР Президентінің инаугурациясына қатысу үшін) Б. Борусевич болды. Польшаға 2004 ж. ақпанда жұмыс сапарымен Сенат Төрағасы О. Абдыкаримов барған болатын.

Польша парламентінде Сейм және Сенаттың 30 депутаттарынан құрылған «Қазақстан–Польша» ынтымақтастық тобы жұмыс жасайды. Топ төрағасы - Сеймнің вице-спикері Е. Вендерлих.

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Польшамен ынтымақтастың тобының құрамына 15 депутат кіреді. Топтың жетекшісі - Мәжіліс депутаты, Қаржы реформалары және аймақтық даму комитетінің мүшесі С. Қанаев.

Қазақстанда 2013 ж. 24-26 сәуірінде ПР Сеймінің вице-спикері Е.Вендерлих бастаған делегациясы сапары өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары С.Дьяченко бастаған қазақстандық делегация ү.ж. 9-12 шілдесінде Польшаға ресми сапары өтті.

Қаржы-сауда ынтымақтастығы

Польша Орта және Шығыс Еуропа елдері арасында Қазақстанның сыртқы экономикалық серіктестерінің жетекшісі болып табылады.

Ү.ж. қаңтар-шілде аралығында тауар айналымы 572,6 млн. АҚШ долл. жетті. 2013 ж. қорытындысы бойынша тауар айналымы 1.2 млрд. АҚШ долларын құрады (экспорт – 679.6 млн. АҚШ доллары, импорт – 492.1 млн. АҚШ доллары).

Тауар айналысының құрамы бірнеше жылдар бойынша тұрақты, өзгеріске тауар позицияларының салыстырмалы салмақтары ұшырады. Қазақстанның Польша Республикасына экспорт құрамында көмірсутек шикізаттары, химия және көмір өнеркәсіп өнімдері, қара металлургия, ауылшаруашылық және де дәнді дақылдар мен мақта басым.

ПР Қазақстанға негізгі статьяларынан химия өнеркәсіп өнімдері, машина мен жабдықтар, электрлі приборлар, жай металл және оның өнімдері, целлюлоза, қағаз, синтетикалық материалдар және резина өнімдері, транспорттық құралдар, мал мен өсімдік өнімдері, дәрілік препараттар, медициналық техника, жиһаз және оның жабдықтар бөліктері, азық-түлік болып қалады.

ҚР Ұлттық банкі деректері бойынша, біздің елімізге келген польшаның тура инвестиция көлемі 2001 жылдың қыркүйегінен 2012 жылына дейін АҚШ-тың 247 млн. долларын құрады.

Екі ел арасында Экономикалық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) құрылған. Соңғы ҮАК-тың 5-ші отырысы 2013 ж. 28-29 қазанында Варшавада өтті.

Көлік және инфрақұрылым бойынша ортақ жұмыс тобы да істейді. Тең төрағалар ретінде ҚР Транспорт және коммуникация вице-министрі және ПР инрфракұрылым және даму вице-министрі тағайындалады.