Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы ақпарат

1992 жылғы 19 тамызда – Қазақстан Республикасы мен Португал Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастары орнатылды.

2010 жылғы 11 қаңтардаҚазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшісі Нұрлан Дәненов Португал Республикасындағы қоса атқарушы ретінде Португалияның Президенті Анибал Каваку Сильваға Cенім грамоталарын тапсырды.

2013 жылғы мамырда Лиссабон қаласында Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің бөлімшесі ашылды.

2015 жылғы шілдеайындаҚазақстан Республикасында Португал Республкасының Елшілігі ашылды.

Португалияның Қазақстандағы Сенімді Өкілі Аделину да Силва.

Саяси қарым-қатынастар

2010 жылғы 18-19 қарашада НАТО саммитіне қатысу шеңберінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Португалияға жұмыс сапары болып өтті.

2013 жылғы 15-16 мамырда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Португалияға алғашқы ресми сапары өтті.

2014 жылғы 22 мамырда Португал Респуликасының Премьер-министрінің орынбасары П. Порташ VII АЭФ және II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияға қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасына ресми сапармен келді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2015 жылдың қорытындылары бойынша ел арасындағы сауда айналымы 657,9 млн. (экспорт –  642,1 млн. АҚШ доллар, импорт – 15,8 млн. АҚШ доллар). 2014 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 26%-ға төмендеді (887,3 млн. АҚШ доллар, экспорт – 866,5 млн. АҚШ доллар, импорт – 20,8 млн. АҚШ доллар).

Қазақстан экспортының негізгі бөлігін мұнай, мақта, қара металл құрайды. Португалиядан импортты тығын ағашы, жабдықтар, машиналар, су көлік құралдары, фармацевтикалық өнімдер құрайды.

Қазақстанда «Eurasia Fund» бизнес қауымдастығының және «Saraiva Assosiados» ірі сәулеттік компаниясының офистері ашылды.

2011 жылғы 5 желтоқсанында Лиссабон қаласында Португалияның Өнеркәсiптiк Қауымдастығымен бірлесіп ҚР Франциядағы Елшілігі қазақстандық-португалиялық Бірінші бизнес семинарды өткізді. «KazNEX Invest», «Самрұқ-Қазына Инвест», «Даму» өкілдері өздерінің қызметтерімен таныстырып, инвестициялық перспективаларын және бiрлескен жобалардың iске асырудың мүмкiндiгi, мемлекеттiк қолдау шараларын ашты.

2012 жылғы 24 сәуiрде Қазақстанға «Efaсec» компаниясының сапары өтті. Сапар аясында «Самұрық-Қазына» мен «KazNEX Invest» басшылығымен өткен кездесулері барысында энергетика, қоршаған ортаны қорғау салаласында және қайта өңделетін энергетикалық көздерін дамытуда ынтымақтасу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар, 2012 жылғы Астанаға өткен П.Порташтың және 2013 жылғы Лиссабонға Е.Ыдырысовтың сапарлары шеңберінде бизнес-форумдар өткізілді.