Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәлімет

1995 жылы – Қазақстан Республикасы мен Македония Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2013 жылғы қарашадан бастап – Қазақстан Республикасының Македония Республикасындағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Рүстемов болып табылады.

2014 жылғы қарашадан бастап – Македония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі И.Псалитров болып табылады.

Саяси қатынастар

2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ Саммитіне Македония Республикасының Президенті Г.Иванов қатысты.

2012 жылғы 1-3 шілдеде Македония Республикасының Президенті Г.Ивановтың Астанаға мемлекеттік сапары болды.

2013 жылғы 22-24 мамырда Македония Премьер-министрі Н.Груевски бастаған делегациясы VI-шы Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференциясының жұмысына қатысты.

2014 жылғы 28 тамызда Анкара қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Македония Республикасының Президенті Г.Ивановпен екіжақты кездесуі өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2014 жылда Қазақстан мен Македония арасындағы тауар айналымы 3,2 млн. АҚШ долл. болды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Македония Республикасының Үкіметі қазақстандық-македон байланыстарды жандандыру және туризмды дамыту мақсатында мемлекеттеріне келген Қазақстан Республикасының азаматтарына визасыз тәртіпті 2016 жылғы 15 наурызға дейін созды. 2012 жылғы 15 наурызда енгізілген визасыз тәртіп Македонияға барған қазақстандық азаматтардың барлық үш айлық жартыжылдықта бір рет қысқамерзімді сапарларға таралады.