Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы 5 маусымда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2004 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясы құрылды. 2012 жылғы
15 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Норвегия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Елшілігі болып өзгертілді. 2014 жылғы қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Әбусейітов болып табылады. 

2008 жылы қыркүйек айында Қазақстан Республикасындағы Норвегия Корольдігінің Елшілігі құрылды. 2012 жылғы қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасындағы Норвегия Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі  Оле Йохан Берной болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан мен  Норвегия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнату кезінен екі ел арасында ресми тұлғалардың бірқатар сапарлары өтті.

2001 жылғы 2-4 сәуір кезеңінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Норвегия Корольдігіне алғашқы ресми сапары өтті.

Норвегияның Өнеркәсіп және энергетика министрі Й.Столтенберг (1993 г.), Премьер-министрі К.Бондевик (2004 ж.), Норвегияның Сыртқы істер министрі Й.Сторенің және Мұнай, энергетика министрінің орынбасары Р.Косстың бірге Крон-принц Хокон Магнус (2010 ж.) және Сыртқы істер министрінің мемлекеттік хатшысы Т.Ларсен (2012) Қазақстанға сапармен келді.

2013 жылғы наурызда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Норвегияға ресми сапары өтті.

2013 жылғы желтоқсанда Киев қаласында ЕҚЫҰ шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Норвегияның Сыртқы істер министрі Б.Брендемен келіссөздер өтті.

2014 жылғы наурызда ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қаппаровтың Норвегияға сапары өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2013 жылғы Қазақстан Ресупубликасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы тауар айналымы – 50,2 млн. АҚШ долл. (экспорт – 5,1 млн. АҚШ долл., импорт – 45,1 млн. АҚШ долл.). 2014 жылғы – 51,5 млн. дол. (экспорт – 2,4 млн.долл., импорт – 49,1 млн. АҚШ долл.).

2015 жылғы 1 наурызға Қазақстанда 35 астам бірлестік кәсіпорындар (заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер) тіркелген.

Норвегия Қазақстанға негізінен жабдықтар мен балық өнімдерін жеткізеді. Әкелінетін жабдықтар көлемі дағдарыстан кейінгі кезеңде тұрақты түрде төмендеп кетті.

Қазіргі кезде Норвегияға қазақстандық экспорттың 98 % астық құрайды.

Екі елдің мемлекеттік органдар арасында Қазақстан мен Норвегия арасындағы Үкіметаралық комиссия құру бойынша мәселесі пысықталуда.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2011 жылғы ақпанда Ослодағы ҚР Дипмиссиясының қолдауымен Қазақстандық-норвегиялық мәдени қоғам тіркелді, біздің еліміздің мәдениетін Норвегияда ілгерілету оның негізгі мақсатына айналады.

Ұлы Жеңістің 65-жылдығын тойлау шеңберінде (2010 жылғы мамырда) норвегиялық мамандар теңдестірген жерленген тұлғалар қатарынан қазақстандық жауынгерлерді іздеу бойынша жұмыстарды жүргізу туралы Фалстад мемориалды-тарихи орталығымен уағдаластыққа қол жеткізілді.     2011 жылғы Норвегияның солтүстігінде қаза болған Қазақстанның бес жауынгері туралы материалдар алынды. 

ҚР СІМ