Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпымәліметтер

1992 ж. 10 желтоқсанда- ҚазақстанРеспубликасы мен Латвия Республикасыарасындадипломаттыққарым-қатынастарорнатылды.

1995ж. шілде айында- Вильнюс қаласында Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы, Латвия Республикасындағы және Эстония Республикасындағы біріккен Eлшілігі ашылды.

2004 ж. тамыз айында- Рига қаласында Қазақстан Республикасы Елшілігінің консулдық бөлімі жұмысын бастады.

2004 ж. желтоқсан айында – Қазақстан Республикасында Латвия Республикасының Елшілігі ашылды.

2013 ж. мамырданбастап- Қазақстан Республикасының  Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов қызметін (қоса) атқаруда.

2015 ж.  тамыздан бастап- Қазақстан  Республикасындағы Латвия  Республикасының  Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрис Погребнякс қызметін  атқаруда.

Саяси қарым-қатынастар

Қазақстан мен Латвия арасындағы бірінші жоғары деңгейдегі ресми кездесу 1994 жылғы 18 желтоқсандағы Латвияның Президенті Г.Улманистің Қазақстанға жасаған сапары кезінде өтті.

Екі жақты қарым-қатынастардың елеулі оқиғалары ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Латвияға (2006 ж.), ЛР Президенті В.Вике-Фрейберганың (2004 ж.) және Президент В.Затлерстің (2008 ж.) Қазақстанға жасаған ресми сапарлары болды.

2013 ж. 2-4 маусымында Латвия Республикасының Президенті А.Берзиньштің ҚР-ға ресми сапары өтті. Сапар барасында Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі үкіметаралық келісімге, сондай-ақ білім, туризм және спорт салаларындағы ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды.

Парламентаралық қатынастар табысты дамуда. Екі елдің парламенттерінде ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топтар құрылған. Қазақстандық топты Мәжіліс Парламентінің Экономикалық реформалар және аймақтық даму комитетінің төрағасы С.Аимбетов, Латвиялық топты – Сейм депутаты И.Судраба басқарады.

Үкіметаралық қатынастарға2001 жылдың қыркүйек айында Қазақстанға болған Латвия Премьер-министрі А.Берзиншьтің сапары оң серпін берді. Латвия Үкіметі басшысымен бірге ҚР-ға Экономика министрі, Сейм депутаттары, Вентспилис, Лиепая, Даугавпилс қалаларының мэрлері барды.

2000 жылдың аяғында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Д.Ахметовтың Латвияға жұмыс сапары өтті. Онымен көлік және коммуникациялар, энергетика, индустрия және сауда министрліктерінің, «Қазақстан темір жолы» және мұнай компанияларының басшылары ілесіп келді.

Қазақстан мен Латвияның арасында саяси консультациялар механизмі дұрыс жолға қойылған. ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов 2000 және 2014 жылдары Латвияға ресми сапар жасады. Екі елдер арасында Дипломатиялық төлқұжат иелерінен виза талап етуден босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойылған.

Екі елдер арасындағы бауырлас қалалар арасындағы ынтымақтастық та дамуда. 2014 ж. 23-26 қыркүйегінде Рига қаласының мэрі Н.Ушаков Астанаға жұмыс сапарын жасады. Сапар барысында 2016 жылға дейінгі нақты іс-шаралар жөніндегі Жоспарға қол қойылды. Бизнес-форму мен латвиялық өндірушілердің тауарларының презентациясы («Рижская марка») өтті. 2015 ж. 7-9 қазанында Ригаға Астана әкімі А.Жақсыбековтың жауап сапары ұйымдастырылды.

Сауда-экономикалық  ынтымақтастық

Қазақстан  мен  Латвия арасындағы тауар айналымы  2015жылы 150,4 млн. АҚШ  долларын  құрады. Оның ішінде экспорт 100,4  млн.  АҚШ долларын,  импорт 50,0 млн. АҚШ долларын құрады. 2014ж. - 324,4 млн.

Қазақстанның экспортындағы қомақты үлесті мақта мен рапса береді, үшінші орында оксиметалдық тұздардың қышқылдары және минералды тыңайтқыштар. Латвиядан Қазақстанға мұздалған балық және балық  консервілері импортталуда. Латвиядан Қазақстанға импортының екінші орында фермент, яғни фармацевтика препараттары.

Латвия Республикасының Мемлекеттік реестрінің мәліметі бойынша Латвияда екі елдің бірлескен 33кәсіпорыны жұмыс істейді.

Қазақстанда Латвия капиталымен 60 бірлескен кәсіпорындар тіркелген. Негізінен кәсіпорындар логистика, сауда және қаржы салаларында жұмыс атқарады. Латвиялық «Grindeks» и «Olainfarm» фармацевтикалық фирмалардың ҚР-да филиалдары бар. Сондай-ақ Алматыда Латвияның «Rietumbank», «Baltikums Bank», «ABLV Bank» атты комерциялық банктері де өз бөлімшелерін ашқан.

Қазақстан мен Латвия арасындағы экономикалық іс-әрекеттің негізгі саласы көлік және транзит болып табылады. 2003 жылдан бастап Латвия порттарынан ҚР-ға жүк таситын «Балтика Транзит» контейнерлік пойызы жұмыс істейді.

Тараптар қазақстандық-латвиялық үкіметаралық  комиссиясы шеңберінде белсенді ынтымақтасады. Қазақстан тарапынан Комиссия төрағасы – ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р.Жошыбаев, Латвия тарапынан – Көлік министрі У.Ауглис.

Бизнес байланыстарға Қазақстан мен Латвияның Жұмыс берушілер конфедерацияларының қармағында құрылған Іскерлік ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Латвия кеңесі көмек көрсетеді. Кеңестің төрағалары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының  президенті А.Мамин мен «Латвия темір жолдары» мемлекеттік акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Э.Берзиньшболып табылады.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Латвия арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық белсенді дамуда. Қазіргі кезеңде Латвия жоғары оқу орындарында инженерия, аэронавигация, туризм, және басқа да  мамандықтар бойынша 30-дан астамқазақстандық студенттер оқып жатыр.

Екі елдің өнер қайраткерлері Қазақстанда, сонымен қатар Латвияда өткізілетін әртүрлі мәдени іс-шараларға (фестивальдар, конкурстар, сән көрсетілімдеріне) белсенді қатысады.

Шарт-құқықтық база

Қазақстан мен Латвия арасындағы шарт-құқықтық база әр-түрлі саладағы 19 шарттар мен келісімдерден тұрады.

Олардың ішіндегі ең негізгілері: экономикалық және ғылыми ынтымақтастық жөніндегі, Латвия порттарын жүктерді өңдеу және тасымалдау үшін қолдану жөніндегі үкіметаралық келісімдер  болып саналады.