Размер шрифта
Цвета сайта

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 10 қыркүйек  – дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2000 ж. 20 желтоқсан – Атырау қаласында Нидерландтың құрметті консулдығы ашылды.

2003 ж. 17 маусым – Амстердам қаласында ҚР-дың Бас консулдығы құрылды.

2005 ж. 18 ақпан – Амстердам қаласындағы Бас консулдығы ҚР-дың Нидерланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясы болып қайта ұйымдастырылды.

2007 ж. 1 қаңтар – Дипломатиялық миссия Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі болып қайта ұйымдастырылды.

2007 ж. 3 қазан – ҚР-дың Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Мырзамадиева болып тағайындалды.

2013 ж. қарашадан бастап – Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хенри Хуберт Дриссер болып тағайындалды. 

Саяси ынтымақтастық

2002 ж. 27-28 қарашадағы Королева Беатрикстің шақыруы бойынша ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Нидерландқа бірінші ресми сапары себепші болды.

Екіжақты қарым-қатынастардың маңызды болуына 2010 ж. қарашада Лиссабондағы НАТО саммиті және 2010 ж. желтоқсанда ЕҚЫҰ саммиті шеңберінде өткен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Нидерланд Премьер-министрі М.Рюттемен кездесулері, ҚР Сыртқы істер министрі Қ.-Ж.Тоқаевтың Нидерланд СІМ Басшысы Б.Ботамен (2004 ж. желтоқсан, Брюссель қ. және 2005 ж. қыркүйек, Нью-Йорк қ.), сондай-ақ Нидерланд Сыртқы істер министрі - ЕҚЫҰ төрағасы Я. де Хооп Схеффердың (2003 ж. шілде), Нидерланд Сыртқы істер министрі Б.Ботаның (2006 ж. мамыр),  Нидерланд Экономикалық министрі Мария ван дер Хувеннің (2009 ж. қазан) Қазақстанға және ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің (2009 ж. маусым), ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Саудабаевтың (2011 ж. тамыз) Нидерландқа сапарлары аса мән берді.   

2014 ж. 2-4 ақпанда Нидерландтың Сыртқы істер министрі Ф.Тиммерманстың Қазақстанға өткен сапары аясында оның Мемлекет басшысы Н.Назарбаевпен, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевпен, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевпен және Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовпен кездесулері болды.

2014 ж. 23-25 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Нидерланд Корольдігіне сапары өтіп, аталмыш шара Гаагада ядролық қауіпсіздік Саммитімен сабақтастыра ұйымдастырылды. Саммитке қатысу барысында екіжақты сапармен қиыстыру мүмкіндігінің голланд тарапымен тек төрт елдерге – Қазақстанға, АҚШ-қа, Қытайға және Оңтүстік Кореяға ұсынылғанын атап өткен жөн.  

2015 ж. 2 желтоқсанда Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттенің Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің шақыруымен Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2015 ж. қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 5,293 млрд. АҚШ долл.

ҚР ИЖТМ Инвесткомның деректеріне сәйкес, 2005 жылдан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін Нидерландтан Қазақстанға жалпы тікелей инвестиция келуі 49,8 млрд. АҚШ долл. және 2005 жылдан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстаннан Нидерландқа тікелей инвестициялардың жылыстауы (кетуі) 24,1 млрд. АҚШ долл. құрады.  

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясында Қазақстанның Нидерландтағы Елшілігімен үнемі мәдениет және көркемөнер саласында түрлі көрмелер, симпозиумдар, презентациялар, семинарлар мен конференциялар өкізіліп тұрады.

Голланд тарапымен бірлесе Ұлы Отан Соғысы (ҰОС) жылдарында Нидерландта жерленген қазақстандық жауынгерлер туралы ақпаратты іздеу жұмысы жүргізілуде. Осымен, ҚР-дың Гаагадағы Елшілігінің бастамасы және қолдауы бойынша, 2010 ж. мамыр айында ҰОС-тың 65-жылдығына орай жергілікті журналист Р.Рейдингпен соғыс жылдары кезеңдерінде жоғалған Нидерландтағы жерленген қазақстандық жауынгерлер туралы голланд тілінде кітап басылып шықты.

 

ҚР СІМ