Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 1 маусым – Люксембург Ұлы Герцогтігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін таныды.

1992 ж. 29 маусым – Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2012 ж. 8 маусымда  – Қазақстанның Люксембургтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып А.Хамзаев тағайындалды (Брюссельдегі резиденциямен қоса атқарады).

2012 ж. 8 ақпан – Люксембургтың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі П.Ферринг (Мәскеудегі резиденциямен қоса атқарады) ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Құл-Мұхаммедке сенім грамоталарын тапсырды.

Саяси ынтымақтастық

Дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бергі кезеңдерде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Брюссельге 2006 ж. желтоқсандағы жұмыс және 2010 ж. қазандағы ресми сапарлары аясында өткен Люксембург Премьер-министрі Ж.-К.Юнкермен кездесулері, сондай-ақ 2012 ж. мамырдағы ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Люксембургке жұмыс сапары болды.

Сонымен қатар, 2008 ж. маусымда ЛҰГ Премьер-министрі
Ж.-К.Юнкердің, 2010 ж. шілде және желтоқсанда ЛҰГ Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Ж.Ассельборнның Қазақстанға сапарлары болып өтті.

2012 ж. 2-3 мамырда ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Люксембург Ұлы Герцогтігіне жұмыс сапары өтті. Сапар шеңберінде оның Люксембург Ұлы Герцогі Анримен, Люксембург Премьер-министрі Ж.-К.Юнкермен, Люксембург Парламентінің төрағасы Л.Мозармен және басқа да саяси тұлғалармен кездесулері болды. Сапардың қорытындысы бойынша 6 құжаттарға, оның ішінде 2 үкіметаралық және 4 ведомствоаралық қол қойылды.

2015 ж. 21-23 наурызда ЛҰГ Премьер-министрі К.Бетелльдың Астанаға ресми сапары себепші болды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2015 ж. тауар айналымының көлемі 11,405 тыс. АҚШ долл.

Люксембургтен Қазақстанға машиналар, электротехникалық құралдар, пластмасса және олардан жасалған өнімдер, көксағыз, резенке-техникалық, текстильді өнімдер, әр түрлі металлдар жіберіледі.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2007 ж. 28-30 қыркүйекте Қазақстан Халық Ассамблеясының өкілдерінен, Парламент Мәжілісінің депутаттарынан, түрлі ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдерінен, мемлекеттің бірқатар жетекші ЖОО-ның ректорларынан тұратын ҚР делегациясы Люксембургке сапары өтті. Сапар барысындағы негізгі іс-шаралардың бірі болып П.Вернер атындағы Еуропалық мәдениет институтымен бірлесе ұйымдастырылған «Мәдени әралуандық пен Қазақстандағы ұлтаралық келісім» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің өтуі болып саналады.

ҚР СІМ