Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәлімет

2004 жылғы 14 мамыр – дипломатиялық қатынастар Нью-Йорк қ. Бірлескен коммюникеге қол қою арқылы орнатылды;

 2015 жылғы 24 сәуірден бастап – Қазақстан РеспубликасыныңИсландия Республикасындағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісінің міндетін қоса атқарушысы Ержан Қазыханов болып табылады 

(резиденциясы -  Лондон қ.).

 2014 жылғы 7 қазаннан бастап – Исландия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің міндетін қоса атқарушысы Альберт Йонссон болып табылады (резиденциясы  - Мәскеу қ.).

 Саяси ынтымақтастық

2014 жылы Қазақстан мен Исландия дипқатынастарының 10-жылдық мерейтойын атап өтті. БҰҰ және ЕҚЫҰ қоса алғанда, халықаралық ұйымдар шеңберінде де байланыстар тұрақты түрде орнатылған.

2015 жылы Қазақстан мен Исландия арасындағы байланыстар ерекше белсендеді: Елші Е.Қазыхановтың сенім грамоталарын тапсыру (8-10 қыркүйек), ҚР Президентінің Арнайы Өкілі Б.Әйтімованың сапары (19 қазан), ЭКСПО-2017 Арнайы Өкілі С.Әміровтің (19-20 мамыр) сапары өтті.

С.Әміров Исландия СІМ Тұрақты хатшысының міндетін атқарушы Дж.Эгилсонмен, Әкімшілік және консулдық мәселелер жөніндегі директораттың Бас директоры Х.Аспенлундпен, Исландия СІМ Халықаралық бизнес және туризм департаментінің директоры Ю.Хафстейнмен және PromoteIceland инвестициялар және экспорт жөніндегі ұлттық агенттігінің басшылығымен кездесулерді өткізді.

ҚР Исландиядағы қоса атқарушы Елшісі Е.Қазыханов Рейкъявикке мемлекеттің басшылығына сенім грамоталарын тапсыру және екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық  ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылау мақсатында сапармен барды. Сапар шеңберінде Исландия Президенті О.Гримссонмен, Парламент спикері Е.Гудфинссонмен, СІМ Жауапты хатшысының міндетін атқарушы  И.Игилссонмен,СІМ Протоколының басшысыГ.Палссонмен, «Promote Iceland» Исландия Сауда-Өнеркәсіп Палатасының атқарушы директоры И.Асбергссонмен кездесулерді өткізіп, HSOrka компаниясының «Рейкьянес» атты электростанциясына барды.

Б.Әйтімова Исландия Президенті О.Гримссонмен, Парламент спикері Е.Гудфинссонмен, СІМ Халықаралық істер мен қауіпсіздік мәселелері бойынша Бас директоры Й.Валиссонмен  және СІМ Протоколының басшысыГ.Палссонмен кездесті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2015 жылдың қорытындылары бойынша сауда айналымы 2 673, 3 млн АҚШ долларын құрады.

Жалпы, Қазақстан Исландиядан мал және өсімдік өнімдерін, дайын азық-түлік өнімдерін, химиялық өнімдерін және осыған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін импорттайды.