Размер шрифта
Цвета сайта

ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІН ЖӘНЕ ӨНЕРІН ОРТАҚ ДАМЫТУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫ (ТҮРКСОЙ)

Түркі мәдениетін және өнерін ортақ дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) 1993 жылы 12 шілдеде құрылды. ТҮРКСОЙ түркітілдес халықтардың арасындағы рухани байланыстарды жаңғырту мақсатында құрылған. Ұйымның сан-салалы қызметі мүше елдер арасындағы мәдени алмасу мен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Мүшелері: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Алтай Республикасы (РФ), Башқұртстан Республикасы (РФ), Гагаузия Автономиялық Республикасы (Молдова), Хакасия Республикасы (РФ), танылмаған Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Саха Республикасы (РФ), Татарстан Республикасы (РФ) және Тыва Республикасы (РФ).

Штаб-пәтері Анкара қаласында (Түркия) орналасқан. Ресми тілдері: түрік, ағылшын және орыс.

2011 жылғы 20-21 қыркүйекте Астана қаласында ТҮРКСОЙ Мәдениет министрлерінің Тұрақты Кеңесінің 29 отырысында Қазақстан өкілі Д.Қасейінов ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы болып 3 жылға қайта сайланды.

ТҮРКСОЙ түркі халықтарының материалдық және материалдық емес мәдени мұраларын қорғау, сонымен қатар, тарих және мәдениет ескерткіштерін жаңғырту, түркі халықтарының ұлттық мәдениеті үшін ерекше маңызды болып табылатын сирек тарихи-мәдени, сәулет және археологиялық ескерткіштерді сақтау, фольклор, дәстүр мен әдет-ғұрыптарды зерделеу жөніндегі жұмыстар жүргізілеуде.

Бұл ұйымның шеңберінде Қазақстан ортақ жобаларды іске асыруға белсенді қатысады, мәдени іс-шараларға өзі өкілдерінің қатысуына, шығармашылық делегациялармен алмасу тәжірибесінің жалғасуына жәрдемдеседі.

2013 жылғы ТҮРКСОЙ өзінің 20 жылдығын атап өтті.