Размер шрифта
Цвета сайта

ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫ

2008 жылғы 21 қарашада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Түркітілдес мемлекеттердіңПарламенттік Ассамблеясы (бұдан әрі– ТүркПА) құрылды.

ТүркПА-ның негізгі мақсаты–Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне (бұдан әрі– ТМЫК) мүше мемлекеттердің арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

ТүркПА-ның Хатшылығы Баку қаласында орналасқан. 2009-2013 жылдары ТүркПА-ның Бас хатшысы болып Әзербайжан өкілі Рамиль Гасанов қызмет етті.

2009 жылғы 28-29 қыркүйекте Бакуде ТүркПА-ның 1-жалпы отырысы өтті, оған ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы О.Мұхамеджанов бастаған Қазақстан делегациясы қатысты. Отырыс барысында ТүркПА-ның Регламенті, ТүркПА-ның Хатшылығы туралы ереже және 2010 жылға арналған Хатшылықтың бюджеті бекітілді. Баку Декларациясы қабылданды.

2011 жылғы 27-28 сәуірде Астанада ТүркПА-ның 2-жалпы отырысы өтті. Отырыс барысында экономикалық, сауда және қаржылық мәселелер бойынша, құқықтық мәселелер бойынша, қоғамдық және мәдени-гуманитарлық мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланды. Отырыс қорытындысы бойынша Астана Декларациясы қабылданды.

2012 жылғы 14-15 маусымда Бішкек қаласында ТүркПА-ның 3-жалпы отырысы өтіп, Бішкек Декларациясы қабылданды. Сонымен бірге, Ұйым шеңберіндегі бірқатар комиссиялардың төрағалары мен хатшылары тағайындалды.

2013 жылғы 10-11 маусымда Анкара қаласында ТүркПА-ның 4-жалпы отырысы өтіп, Анкара Декларациясы қабылданды. Отырыс барысында ТүркПА Бас хатшысы лауазымына келесі төрт жылдық мерзімге ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары Ж.Асанов сайланды.

2014 жылғы 8-9 сәуірде Анкара қаласында ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Жалмағамбетованың қатысыумен ТүркПА Парламенттік Ассамблеясының әлеуметтік-еңбек, отбасы және денсаулық мәселелері бойынша комиссия басшыларының отырысы өтті.

2014 жылғы 11-13 маусымда Баку қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Қ.Жақыповтың қатысуымен ТүркПА Парламенттік Ассамблеясының отырысы өтті.

Баку Декларациясы қабылданды. Сонымен қатар, Ұйым шеңберіндегі бірқатар комиссиялардың төрағалары сайланды. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияны ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Қанаев басқаратын болды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Әбдіров Халықаралық қарым-қатынас және құқықтық мәселелер жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары болып сайланды. ТүркПА Кеңесінің шешімімен келесі жалпы отырыс 2015 жылы маусымда Астанада өтеді.