Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

1992 ж. қаңтарда – Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымға (ЕҚЫҰ) қатысушы мемлекетіне айналды.

1995 ж. – ҚР-дың ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі (Вена) және ОА-дағы ЕҚЫҰ-ның өңірлік бюросы ашылды (Ташкент).

1999 ж. – Алматыда ЕҚЫҰ Орталығы ашылды.

2007 ж. 21 маусымда – ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің шешімімен Орталық Астанадағы ЕҚЫҰ орталығына қайта аталды.

2007 ж. желтоқсанда - Мадридтегі ЕҚЫҰ СІМК шешімімен Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы болып сайланды.

2010 ж.– ҚР-дың ЕҚЫҰ-ғы Төрағалығы.

2010 ж. 16-17 шілдеде – Алматыдағы ЕҚЫҰ бейресми СІМК шеңберінде ҚР-да Саммит өткізу туралы шешім қабылданды.

2010 ж. 1-2 желтоқсанда – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен Астанада ЕҚЫҰ Саммиті өтті.

2011 ж. қыркүйек-желтоқсан – ҚР-дың Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумында (ҚсЫФ) төрағалығы.

2011 ж. желтоқсанда – «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының мен ҚР-дың ЕҚЫҰ «Үштігі» құрамындағы қызметінің аяқталуы.

2014 ж. қыркүйек – қазақстандық дипломат Мәдина Жарбосынова ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкілі лауазымына тағайындалды.

2014 ж. 18 желтоқсанда – ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің шешімімен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығын ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисі етіп қайта құрылды.

2016 ж. 9 ақпаннан бастап – ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисін мажар елшісі Дьердь Сабо басқаруда.

Ұйым қызметінің барлық үш өлшемі бойынша: әскери-саяси, экономико-экологиялық, гуманитарлық және ЕҚЫҰ-ның орталық институттарымен (Хатшылық, ДИАҚБ, ҰАЖК, ЕЫҚҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілінің офисі, Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілінің офисі), сонымен қатар оның далалық миссиясы – ЕЫҚҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисімен өзара ынтымақтастығы жүргізілуде.

ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінің мұрасын насихаттау алдағы жылдары Қазақстанның Ұйымдағы қызметінің негізгі өзегі болып қала береді.

Әскери-саяси өлшемде ҚР еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпіздікті қамтамсыз етуге, сенім шараларын кұшейтуге, «созылмалы қақтығыстарды» реттеуге қатысты көпжақты күш-жігерді қолдауды жалғастыруда. Украинадағы жағдайға және Арнайы байқаушылар миссиясының жұмысына байланысты ЕҚЫҰ қызметіне айрықша көңіл аударылуда.

ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық бағытында Азия мен Еуропаны біріктіретін трансконтиненталды көліктік дәліздерді дамыту Қазақстан үшін маңызды басымдық болып қалуда. Қоршаған ортаны қорғау саласында, соның ішінде Арал пролемасын шешуде және Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді басқаруда ЕҚЫҰ әлеуетін пайдалану бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Адами өлшемде Қазақстан үшін төзімсіздік пен кемсітушіліктің барлық формаларына қарсы күрес, толеранттылық, адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігі, сот жүйесінің тәуелсіздігі, гендерлік тепе-теңдікті ілгерілету және адам саудасына қарсы күрес сияқты мәселелер маңызды болып қалуда.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ реформалау, сайлауды бақылау бойынша бірыңғай талаптарды орнату, сондай-ақ Ұйымның құқықтық тұрғыдан бекітуші құжатын қабылдау бойынша күш-жігерде ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерді қолдау бойынша жұмыстар жалғастырылуда.