Размер шрифта
Цвета сайта
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы
№ 57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 
 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы          20 қаңтардағы № 57 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,        2003 ж., № 2, 21-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» Нәзір Төреқұлов атындағы медаль;
2) «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы;
3) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ведомстволық наградалары болып табылады деп белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған:
1) дипломатиялық қызметтің ведомстволық наградаларының сипаттамасы мен үлгілері;
2) «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» Нәзір Төреқұлов атындағы медальға қоса берілетін куәліктің сипаттамасы мен үлгісі бекітілсін.»;
осы қаулыға қоса беріліп отырған 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
Қазақстан Республикасының
                    Премьер-Министрі                                                     К. Мәсімов
 
 
 
                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы «14 желтоқсандағы » №1234 қаулысына
         1-қосымша
 
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                                                                                2003 жылғы 20 қаңтардағы
                                                                                              № 57 қаулысымен
                                                                                            бекітілген
 
 
«Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін»
Нәзір Төреқұлов атындағы медальдің
сипаттамасы
 
«Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» Нәзір Төреқұлов атындағы медаль алтынға ұқсас жезден жасалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
Медальдің алдыңғы бетінде, ортасында Нәзір Төреқұловтың барельефтік суреті орналасқан. Суреттің айналасы лавр бұтақтарымен көмкерілген. Медальдің шеттеріндегі ернеуі мен лавр бұтақтарының арасында «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» деген жазу орналасқан. Медальдің төменгі бөлігінде Нәзір Төреқұловтың суретінің астында «Нәзір Төреқұлов» деп жазылған.
Медальдің сыртқы бетінде, ортасында «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі» деген жазу орналасқан, жазудың астында екі лавр бұтағы орналасқан. Төменгі бөлігінде медальдің реттік нөмірі орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегімен алтынға ұқсас жезден жасалған ені 30 мм және биіктігі 24 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Тағанның тік бұрышты бөлігі Қазақстан Республикасының туы түстес ені 20 мм жібек қатқыл лентамен қапталған.
Медаль түйреуіштің көмегімен киімге тағылады.
 
 
 
  
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                                                                                2007 жылғы 14 желтоқсандағы
                                                                                              № 1234 қаулысына
         2-қосымша
 
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                                                                                2003 жылғы 20 қаңтардағы
                                                                                              № 57 қаулысымен
                                                                                            бекітілген
 
 
«Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін»
Нәзір Төреқұлов атындағы медальға қоса берілетін куәліктің
сипаттамасы
 
«Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» Нәзір Төреқұлов атындағы медальдің куәлігі екі парақты, 8 х 10 см көлемді кітапша болып табылады. Куәліктің тысы көк түсті бумвинилді негіздегі қатырма қағаздан жасалған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен жазулар батыңқы түсірілген алтын түспен жасалған.
 
 
 
                                                           Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
2007 жылғы «14 желтоқсандағы » №1234
                                                                                                        қаулысына
            3-қосымша
 
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 20 қаңтардағы
№ 57 қаулысымен
бекітілген
 
 
 
«Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін»
Нәзір Төреқұлов атындағы медальдің үлгісі